Есік қаласына кіреберістегі автожолға артық жол таңбасы сызылған: әкімдік жағдайды түсіндірді
Опубликовано:
Желіде Алматы облысы Есік қаласына кіреберісте төрт жолақ сызылған жолдың фотосы тарады. Бұған қатысты аудан әкімдігі түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Telegram желісіндегі Egov.press арнасында Есік қаласына жақын маңдағы автожолға екі жолақтың орнына төрт жолақ сызылғаны көрсетілген фото жарияланды.
Жазбаға қатысты аудан әкімдігіндегілер түсінік берді.
"2024 жылдан бастап жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жобасын іске асыру аясында "Есік – Саймасай (Александровка), 0-11,8 шақырымы" аудандық маңызы бар автожол учаскесінің Есік қаласының шекарасына жақын 7-шақырымындағы аумақта жол сызбаларын салу жұмыстары барысында ішкі қозғалыс жолағын кеңейту қажеттігі анықталды. Бұл шара автобус мектепке бұрылған кезде қауіпсіз маневрді қамтамасыз ету үшін қажет болды. Осыған байланысты мердігер қосымша екі таңбалау сызығын қолданды, нәтижесінде учаскедегі таңбалау төрт жолақты көрініске ие болды. Таңбалауды жобалық шешімдерге сәйкес келтіру үшін мердігер "ДСУ-13" АҚ бұрын қолданылған жол сызбасын алып тастау жұмысын жүргізді, нәтижесінде екі жолақты қозғалыстың жобалық схемасына сәйкес келетін екілік жол сызбасы қалды", - делінген жазбаға берілген жауапта.
Таңбаларды өшіру және сызуға қатысты барлық жұмысты мердігер тапсырыс берушіден қосымша қаржы ресурстарын тартпай, өз қаражаты есебінен орындаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2277510-esik-qalasyna-kireberistegi-avtozholga-artyq-zhol-tangbasy-syzylgan-akimdik-zhagdaidy-tusindirdi/