jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

ҰҚК Астана, Шымкент қалалары мен Қазақстанның алты облысында қару, оқ-дәрілер тәркіледі (фото)

тәркіленген қару
Тәркіленген қару. Фото: t.me/knbgov_kz

ҰҚК Астана, Шымкент қалалары мен еліміздің бірқатар облысында заңсыз айналымдағы қару және оқ-дәрілер тәркілегенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ҰҚК 2025 жылғы тамыздан бастап полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында заңсыз айналымдағы, оның ішінде "қаңтар оқиғалары" кезінде ұрланған қаруды іздеу және тәркілеу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізген.

Нәтижесінде 12 Калашников автоматы, 6 тапанша, 15 мылтық, 3 граната және 500 бірліктен астам оқ-дәрі алынған.

"Көрсетілген фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", - делінген хабарламада.

ҰҚК Астана, Шымкент қалалары мен Қазақстанның алты облысында қару, оқ-дәрілер тәркіледі (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.