jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Белгілі қазақ суретшісі Ағымсалы Дүзелханов өмірден өтті

Ағымсалы Дүзелханов
Ағымсалы Дүзелханов. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, белгілі суретші Ағымсалы Дүзелханов өмірден өтті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ағымсалы Дүзелханұлы Дүзелхановтың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты орны толмас қазаға ортақтасып, отбасы мен туған-туыстарына, туған халқына қайғырып көңіл айтады.

Ағымсалы Дүзелханұлы – бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасымен дараланған бірегей суретші. Ол шығармалары арқылы халқымыздың рухын, замана тынысын айшықтап, ұлттық өнеріміздің көкжиегін кеңейте түсті. Ұрпақ тәрбиесіне де өлшеусіз еңбек сіңіріп, талай жас суретшінің кәсіби жолын айқындауына жол ашты.

Өмірден озғанына қарамастан, оның мол мұрасы мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгілік сақталады", - делінген хабарламада.

Ұлттық кітапханың ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Ағымсалы Дүзелханов 1951 жылы 19 тамызда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1982 жылы В.И. Суриков атындағы Мәскеу көркемсурет институтын бітірген. Қолданбалы графика, плакат, кітап безендіру, кескіндеме, портрет жанрлары бойынша еңбек еткен.

Тарихи, фольклорлық тақырыптағы және балаларға арналған 200-ден астам кітапты безендірген. "Алтын сарбаз", "Түркістан", "Ордабасы", "Оғыз хан", "Көроғлы" және т.б. кескіндеме туындыларының, сондай-ақ Абылай хан, Әбілқайыр хан, Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би, Қорқыт және т.б. портреттер сериясының авторы.

Суретшінің туындылары Қазақстанның және шет елдердің өнер мұражайларына қойылған.

Белгілі қазақ суретшісі Ағымсалы Дүзелханов өмірден өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.