jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Астана көшелерінің бірінде көлік қозғалысы бір аптаға жабылады

Жол жөндеу
Жол жөндеу. Көрнекі сурет: MATTHIEU DELATY/Hans Lucas/AFP via Getty Images

Астанада 22-29 тамыз аралығында Ақбидай көшесінің Өндіріс көшесінен Көкше Кемеңгерұлы көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы жартылай жабылады, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана әкімдігінің Telegram-каналында хабарланғандай, Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Өндіріс көшесінен Көкше Кеменгерұлы көшесіне дейінгі учаскеде Ақбидай көшесінде жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

"Осыған байланысты аталған учаске биыл 22 мен 29 тамыз аралығында ішінара жабылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз", - делінген әкімдік хабарламасында.

Астана көшелерінің бірінде көлік қозғалысы бір аптаға жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.