jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астанада көмірді қай жерден және қандай бағамен алуға болады: елорда әкімдігі мәлімет берді

көмір
Көмір. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Жылыту маусымы қарсаңында Астана әкімдігі қалада көмірді қай жерден және қандай бағамен алуға болатыны туралы мәлімет берді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдіктің мәліметінше, биыл елордада халыққа көмір сатуға арналған 17 қойма жұмыс істейді, олардың ішінде 14 сату орны бар. Барлығы тиісті инфрақұрылыммен және жүк тиеу-түсіру техникасымен толық қамтамасыз етілген.

Аталған сату нүктелерінде 8 компания көмір сату қызметін жүзеге асырады.

Олар мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі 4/1, Герцен 6/2, Көктал 28/2, Мақат 40, Жамбыл Жабаев 76, Ахмет Жұбанов 35, Дулатов 182/1, 85-көше (ЖЭО-3 ауданы), учаске 9А, Герцен 6Б.

Қазіргі таңда Астанада көмірдің орташа бағасы мынадай:

• Шұбаркөл – тоннасы 18 000 тг;

• Қаражыра – тоннасы 18 500 тг;

• Майкөбе – тоннасы 15 500 тг.

Айта кетейік, қалада "109" нөмірлі жедел желі жұмыс істейді. Онда көмірдің бар-жоғы, бағасы және сату нүктелері туралы қажетті ақпарат алуға болады.

Астанада көмірді қай жерден және қандай бағамен алуға болады: елорда әкімдігі мәлімет берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.