jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматының бір ауданындағы учаскеде 30 тамызға дейін көлік қозғалысы шектеледі

белгі
Жол. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды "Алматы Су" ШЖҚ МКК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мекеменің мәліметінше, құбырларды ауыстыруға байланысты жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған орай 24-30 тамыз күндері Әбіш Кекілбайұлы көшесінің Байқадамов және Есқараев көшелері аралығындағы учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

"Бұл шектеулер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыстарды сапалы атқару мақсатында енгізіліп отыр.Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықты ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бұған дейін Асқаров көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелген еді.

Алматының бір ауданындағы учаскеде 30 тамызға дейін көлік қозғалысы шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.