jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жыл басынан бері қанша қазақ тарихи отанына оралды: жаңа деректер жарияланды

Қазақстан паспорты
Қазақстан паспорты. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері қанша этникалық қазақ тарихи отанына оралғаны туралы жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері Қазақстанға 8 051 этникалық қазақ оралып, қандас мәртебесін алған. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 156,1 мың этникалық қазақ оралған.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың 44,2 пайызы – Өзбекстаннан, 43,2 пайызы – Қытайдан, 5 пайызы – Түрікменстаннан, 2,7 пайызы – Моңғолиядан, 2,4 пайызы – Ресейден және 2,5 пайызы – басқа елдерден.

Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,1 пайызды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,8 пайызды және зейнеткерлер 9,1 пайызды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың – 15,7 пайызы жоғары білімді, 28,1 пайызы кәсіби орта білімді, 53,5 пайызы жалпы орта білімді және 2,7 пайызының білім жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанған.

Жыл басынан бері қанша қазақ тарихи отанына оралды: жаңа деректер жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.