jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Елімізде кейбір жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі

Хабарлама оқып жатқан қыз
Хабарлама оқып жатқан қыз. Иллюстрациялық фото: Westend61/Getty Images

Қазақстанда өмірлік қиын жағдайға тап болған жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тіркелген жұмыссыздардың арасынан өмірлік қиын жағдайға тап болған 24790 қазақстандыққа жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы SMS-хабарламалар жібереді.

"Ұлттық статистикалық бюросымен бірлескен жұмыс шеңберінде республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындарын қоспағанда, азаматтар бір мезгілде 1414 қызметінен ауыл шаруашылығы халық санағын өткізу үшін санақ қызметкері (сұхбаттасушы) ретінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар алады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, елімізде ауыл шаруашылығы санағы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен жүргізіледі.

Елімізде кейбір жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.