jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Алматыда автобустар "Қайрат"-"Селтик" матчына жанкүйерлерді тегін тасиды

автобустар
Автобустар. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ертең, 26 тамыз күні алматылық "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясында өз алаңында "Селтик" командасын қабылдайды. Матч күні оңтүстік астанының қоғамдық көліктері жанкүйерлерді орталық стадионға тегін таситын болады, деп қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, жанкүйерлердің ыңғайы үшін сағат 18:00-ден бастап қаланың негізгі нүктелерінен стадионға және кері бағытта тегін автобустар қатынайды:

  • "Қалқаман" ықшам ауданы (№ 7 қалалық аурухана аялдамасы);
  • "Орбита" ықшам ауданы (Мұстафин — Торайғыров көшелерінің қиылысы);
  • "Айнабұлақ" ықшам ауданы (Мақатаев — Павлодар көшелерінің қиылысы);
  • "Халық Арена" аялдамасы (солтүстік бағыт);
  • Алматы-1 теміржол вокзалы;
  • Алматы-2 теміржол вокзалы;
  • Наурызбай аудандық ХҚКО;
  • Момышұлы — Мөңке би көшелерінің қиылысы.

Оған қоса, жанкүйерлер үшін жоғары жылдамдықтағы интернет, қосалқы электр қуаты, медициналық көмек, санитарлық инфрақұрылым және экологиялық мүмкіндіктер қарастырылған.

Айта кетейік, стадион есігі жанкүйерлер үшін сағат 18:45-те ашылады.

Алматыда автобустар "Қайрат"-"Селтик" матчына жанкүйерлерді тегін тасиды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.