jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ақтөбеде медицина саласы бойынша грант иегерлері анықталды

дәрігер
Дәрігер. Иллюстрациялық фото: kokouu / Getty Images

Ақтөбеде өңірге қажетті медицина мамандарын даярлауға бөлінген білім беру гранттарының иегерлері анықталды. Барлығы 87 өтініш қабылданған, деп хабарлайды облыс әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. 

Ведомствоның мәліметінше, 25 тамызда облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен жергілікті бюджеттен бөлінетін гранттардың иегерлерін анықтау бойынша комиссия отырысы өткен. Комиссия мүшелері құжаттарды қарай келе, төмендегідей шешім шығарған.

"Бакалавриат" бағыты бойынша бөлінген 5 орынға 41 өтініш түскен, медицина мамандығына – 22, педиатрия мамандығына – 11, стоматология мамандығына 8 талапкер құжат тапсырған.

"Педиатрия" мамандығы бойынша екі үміткердің арасында бірдей конкурстық балл көрсеткіші тіркелген. Яғни екеуінің де жинаған балы – 98, екеуі де үздік аттестатқа ие, сондай-ақ қалалық, облыстық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.

Әділдік және тең мүмкіндік қағидаттарын сақтау мақсатында екі абитуриентке де жергілікті атқарушы органның грантын тағайындау туралы шешім қабылданған.

"Резидентура" бағыты бойынша бөлінген 45 орынға 46 өтініш түскен. 18 мамандыққа талапкерлер құжат тапсырса, көрсетілген 9 мамандыққа үміткерлер өтініш білдірмеген. Сондықтан бос грант орындары қайта бөлінген.

Атап айтқанда, акушерия және гинекологияға (ересектер, балалар) екі орын, офтальмологияға (ересектер, балалар) үш, радиологияға төрт, физикалық медицина және реабилитацияға үш, эндокринологияға (ересектер, балалар) бір, аллергология және иммунологияға (ересектер, балалар) бір, психиатрияға (ересектер, балалар) бір орын бөлінген.

Жергілікті грантқа үміткерлерден құжат қабылдау Марат Оспанов атындағы медицина университетінің базасында жүргізілген.  

Грант иегерлерінің тізімін сілтемеге өтіп көреуге болады.

Ақтөбеде медицина саласы бойынша грант иегерлері анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.