jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Бұршақ, аптап ыстық: бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қала үстіндегі найзағай бұлттары
Көрнекі фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" РМК 27 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірінде жел күшейіп, қатты ыстық болуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, тұман түсіп, жел соғады.

Атырау облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Өңірде жел күшейіп, дауыл соғады, өрт қаупі жоғары.

Қостанай облысында найзағай ойнап, жел тұрады. Өңірдің басым бөлігінде 35 градусқа дейін ыстық болады, жоғары өрт қаупі бар.

Ақтөбе және Ұлытау облыстарында 37 градусқа дейін қатты ыстық болады, төтенше өрт қаупі бар.

Атырау, Семей, Тараз, Талдықорған, Жезқазған қалаларында жоғары өрт қаупі сақталады.

Өскемен, Қостанай, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-18 м/с күшейеді, жоғары өрт қаупі бар.

Бұршақ, аптап ыстық: бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.