jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Мысырға баруды жоспарлап жүрген қазақстандықтар үшін маңызды ескерту жарияланды

FlyArystan
Фото: FlyArystan

Қазақстан Республикасы азаматтарына Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласына кіру ережелері туралы маңызды ақпарат жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ FlyArystan әуе компаниясына сілтеме жасап.

"2025 жылғы 1 қазаннан бастап 21 жасқа толмаған жолаушыларға ата-анасының немесе жақын туысынсыз Шарм-эль-Шейхке баруға тыйым салынады", - делінген хабарламада.

Егер сапарға ата-әжесі, 21 жастан асқан ағасы не әпкесімен барса, нотариалды расталған сенімхат талап етіледі. Сенімхат орыс тілінде қабылданады. Өзімен бірге төлқұжат пен туу туралы куәлік болуға тиіс.

"FlyArystan чартерлік рейстерінің жолаушыларына, туристік пакетпен саяхаттайтындарға (яғни қонақүйді қоса қамтитын) қосымша талаптар немесе өзгерістер енгізілмейді", - дейді компания өкілдері.

Сондай-ақ барлық сапар әдеттегі тәртіппен – визасыз жүзеге асырылатыны айтылды.

Мысырға баруды жоспарлап жүрген қазақстандықтар үшін маңызды ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.