jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Ақтөбеде "Бетбұрыс" жобасы аясында кәсіпкерлікке ынталы әйелдерге қолдау көрсетіліп жатыр

"БЕТБҰРЫС V" жобасы
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Бүгін "Жұбановтар әлемі" ғимаратында "Бетбұрыс" әлеуметтік жобасының 5-кезеңінің жабылу салтанаты өтті. Жобаның мақсаты – әйел ментилерге өз ісін ашуға қажетті құзыреттер мен білім беру, олардың қаланың экономикасын дамытуға бағытталған әлеуетін ашу, мотивацияны арттыру, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті бастауға кедергі келтіретін психологиялық және әлеуметтік тосқауылдарды жою, әлеуметтік қолдауға қол жеткізуге, бизнес негіздеріне ден қоюға және өз потенциалдарын іске асыруға мүмкіндік беру.

2025 жылғы 10–30 маусым аралығында жобаның V маусымының іріктеу кезеңі өтті. Сұқбаттасу нәтижесінде 57 үміткердің ішінен 25 әйел жобаның қатысушысы ретінде таңдалды.

Ағымдағы жылдың 9 шілдесінен бастап, 1 ай көлемінде жоба қатысушыларына әлеуметтік, құқықтық, психологиялық және білім беру бағыттары бойынша кешенді ақпараттық-кеңестік қызметтер ұсынылды.

"БЕТБҰРЫС V" жобасы
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

"БЕТБҰРЫС V" жобасы аясында менторлар ретінде бизнесте табысқа жеткен, өз тәжірибесі мен білімін бөлісуге дайын кәсіпкерлер қатысты. Олар оқыту курстары, шеберлік сабақтары және тренингтер форматында қатысушыларға қолдау көрсетті.

"БЕТБҰРЫС V" жобасы
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Сонымен қатар жоба қатысушылары бір-бірімен тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік сағаттарын өткізіп, қала аумағында орналасқан кәсіпорындарға өндірістік тур ұйымдастырылды.

"БЕТБҰРЫС V" жобасы
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Жобаның бесінші кезеңінің салтанатты жабылу рәсіміне қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ жобаның алдыңғы маусымдарының түлектері шақырылды.

"БЕТБҰРЫС V" жобасы
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Сондай-ақ іс-шара аясында жоба қатысушыларының қолөнер және өз өнімдерін ұсынатын көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Ақтөбеде "Бетбұрыс" жобасы аясында кәсіпкерлікке ынталы әйелдерге қолдау көрсетіліп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.