jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Шымкентте оқуға түсе алмай қалған талапкерлер үшін қосымша 280-нен аса грант бөлінді

Студент қыз
Студент қыз. Иллюстрациялық фото: : Mariia Vitkovska / Getty Images

Шымкентте оқуға түсе алмай қалған талапкерлерге қосымша 285 грант берілді. Осымен екінші жыл қатарынан жергілікті бюджет есебінен грант бөлініп отыр, деп хабарлайды 24KZ телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарнаның мәліметінше, іріктеу кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мен  мүгедектігі бар түлектерге басымдық берілген. Студенттерге шәкіртақы төленіп, жатақханамен қамтылады.

Президенттің жоғары білімді қолжетімді ету туралы тапсырмасы мен "жұмысшы мамандықтары жылына" орай қажетті кадрлар тізімі жасақталған. Осылайша, инженерлік-техникалық, өңдеу және құрылыс салаларына грант көп бөлінген.

Сондай-ақ ақпараттық-коммуникация мен ауыл шаруашылығы мамандықтарына басымдық берілген.

Басты шарт – оқуын тәмәмдаған жас маман өңірдің дамуына үлес қосуы керек.

"Комиссия осыған дейін барлығын талқылау үшін төрт рет жиналды. Егжей-тегжейлі талқылады. Қай мамандықтар керек екенін сала мамандарын шақырта отырып, мәніне, мағынасына, байыбына бара отырып бекіткенін айтқымыз келеді", - деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысы бойынша жергілікті бюджет есебінен бөлінген білім гранты иегерлері анықталғанын жазған едік.

Шымкентте оқуға түсе алмай қалған талапкерлер үшін қосымша 280-нен аса грант бөлінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.