"Гранттардың 99 пайызы игерілді": Ғылым және жоғары білім министрлігі биылғы ҰБТ-ны қорытындылады
Опубликовано:
ҰБТ-2025 қорытындысы бойынша талапкерлердің басым бөлігі шекті балл жинаған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Гүлзат Көбенованың айтуынша, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге 210 мыңнан астам талапкер қатысқан, оның ішінде 160,5 мың адам немесе 76,3 пайызы жоғары білім алуға қажетті шекті балл жинаған.
Ал мемлекеттік білім гранттарының конкурсына 113 мыңға жуық өтінім берілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға артық.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 93 232 грант бөлінген, оның ішінде 77 мыңнан астамы жоғары білімге арналған.
"Конкурс қорытындысы бойынша гранттардың 99 пайызы игерілді. Қазіргі кезде барлық ЖОО-ға қабылдау аяқталды", - деді Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Айта кетейік, 7 тамызда елімізде мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі жарияланған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2280108-granttardyng-99-paiyzy-igerildi-gylym-zhane-zhogary-bilim-ministrligi-biylgy-ubt-ny-qorytyndylady/