jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандық кәсіпкер 200 мектеп оқушысына сый жасап, қуантты

Қазақстандық кәсіпкер 200 мектеп оқушысына сый жасап, қуантты
Қазақстандық кәсіпкер 200 мектеп оқушысына сый жасап, қуантты.Фото: KAZ.NUR.KZ

Жаңа оқу жылында оқушыларды жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету трендке айналды. Биыл Алматыда тағы 200 оқушы тегін оқу құралына ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кәсіпкерлердің қолдауымен өтетін акция аясында 15 жыл бойы отыз мыңнан аса оқушы қажетті оқу құралдарымен жабдықталған екен. Яғни, бұл жоба 2010 жылдан бері үздіксіз жалғасып келеді.

Биылғы қайырымдылық шарасына мұхиттың арғы бетінде тұратын Аманжол Рысмендиев те атсалысты.

"Өзім шетелде жүрсем де елімді ұмытпай, Алматы қаласында 200-дей оқушыны қуантуға тырыстым. Оларға сыйлық ретінде мектепке керекті құрал-жабдықтарын алып бердік. Енді оқушыларымыз оқуда озат болса деген тілек бар", - дейді ол.

Қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында, сондай-ақ, Конституция күніне орай өткізілген.

Қазақстандық кәсіпкер 200 мектеп оқушысына сый жасап, қуантты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.