jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Алматыда Әл-Фараби бойындағы газ құбырын жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды

Озеленение пр. Аль-Фараби
Озеленение пр. Аль-Фараби. Фото: акимат Алматы

Оңтүстік астанада Әл-Фараби даңғылының бойындағы газ құбырын жөндеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. Газ құбырын қайта жаңғырту жаңа оқу жылының басталуына байланысты келесі жылға қалдырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің коммуникация және БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі Ильзат Акчурин хабарлады. Оның сөзінше, "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Алматы өндрісітік филиалы жер асты газ құбырын қайта жаңғыртуды жоспарлаған болатын. Жоба Луганский мен Армян көшелерінен бастап, әл-Фараби даңғылы бойымен Esentai Mall автотұрағына дейінгі аумақты, сондай-ақ әл-Фараби даңғылынан Меңдіқұлов бульварына дейінгі бөлікті қамтиды.

"Жұмыстарды жаз айында жүргізу көзделген еді. Алайда ұйымдастыру мәселелеріне байланысты олардың басталуы кешікті. Жаңа оқу жылының басталуын, жоспарланған учаскелерде мектептер мен балабақшалардың көп шоғырланғанын және әл-Фараби даңғылындағы көлік қозғалысының күрделілігін ескере отырып, қала әкімінің тапсырмасымен аталған жұмыстар уақытша тоқтатылды", - деп жазды Акчурин Telegram-каналында.

Сонымен қатар әкімнің кеңесшісі орта қысымды жер асты газ құбыры 1974 жылы пайдалануға берілгенін айтты. Қазіргі таңда ол міндетті түрде қайта жаңғыртуды қажет етеді. Реконструкция келесі жылы, негізгі көлік қозғалысы азаятын жаз айларында басталатын болады.

Алматыда Әл-Фараби бойындағы газ құбырын жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.