jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жаңадан құрылған Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады

Алатау қаласының макеті
Алатау қаласының макеті. Фото: : primeminister.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында жаңадан құрылған Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болатынын айтты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүгін қазақ-қытай іскерлік кеңесінің отырысында сөз сөйлеген мемлекет басшысы цифрландыру саласындағы Қытайдың жетістіктері бүкіл әлемге белгілі екенін атап өтіп, осы бағытта тығыз байланыста жұмыс істеуге ниет білдірді.

Сарапшылардың мәліметіне сәйкес, 2033 жылға қарай жасанды интеллект нарығының көлемі 5 триллион долларға жетіп, оның әлемдік технология индустриясындағы үлесі 30 пайызға дейін артпақ.

"Біз Қытайдың жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жаһандық ұйым құру бастамасын қолдаймыз. Бұл мәселе бойынша мен кеше тарихи шаһар Тяньцзинь қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті кезінде ашық түрде мәлімдеме жасадым. Қазақстанда цифрлық экономиканы дамыту бойынша жүйелі шаралар қолға алынуда. Жасанды интеллект технологиясын кеңінен қолданысқа енгізу үшін ауқымды жұмыс істеліп жатыр.

Биыл Қазақстанда аймақтағы алғашқы суперкомпьютер іске қосылды. Сондай-ақ AlemAI халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Біз Alatau City жаңа қала салу жобасына айрықша мән беріп отырмыз. Бұл қала елімізде және тұтас аймақта инновацияны, криптоиндустрия мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жол ашатын қуатты орталық болуға тиіс.

Осы орайда, біз қытайлық компаниялармен өзара тығыз байланыста жұмыс істеуге ниеттіміз. Бүгін China State Construction Engineering Corporation компаниясы қазақ тарапымен тиісті келісімге қол қояды. Біз оны толық қолдаймыз. Құрылысты тез арада бастау қажет деп ойлаймын. Жақын арада Alatau City біртұтас экожүйе ретінде арнайы мәртебеге ие болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңадан құрылған Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.