Еліміздің бірнеше қаласында кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайы өзгерді
Опубликовано:
Астана, Алматы және тағы бірнеше қалада кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайы өзгерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Азаматтарға арналған үкімет" өкілдері Астана, Алматы, Тараз және Қостанай қалаларында кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайы өзгергенін хабарлады.
Сондай-ақ ведомстводағылар кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсететінін еске салды.
Ал кезекші мамандандырылған ХҚКО-ларда жұмыс күндері өтініштер сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады, дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Сенбі күні өтініштер сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2281461-elimizding-birneshe-qalasynda-kezekshi-halyqqa-qyzmet-korsetu-ortalyqtarynyng-mekenzhaiy-ozgerdi/