jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда екі балдық жер сілкінісі тіркелді

Алматы қаласына көрініс
Алматы қаласына көрініс. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда екі балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Ведомствоның мәліметінше, ҚР ТЖМ "СБЗҰОҒ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 2 қыркүйекте сағат 12:58-де жер сілкінісін тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 319 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

  • Жер сілкінісі ошағының координаттары: 40.782 º с.е., 78.865 º ш. б.
  • Тереңдігі – 5 шақырым.
  • MPV магнитудасы – 5.7.
  • Энергетикалық класы – 12.3.

МSК-64 шкаласы бойынша Алматы қаласында сезілуі – 2 балл.

Сондай-ақ ТЖМ-ның мәліметінше, "Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізген.

Сонымен қатар мамандар тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізген.

Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылмаған, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

"Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты", - делінген хабарламада.

Алматыда екі балдық жер сілкінісі тіркелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.