jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда биыл күзде 18 бен 27 жас аралығындағы қанша азамат әскерге шақырылмақ

мерзімді әскери қызмет жауынгерлері
Әскери қызметшілер. Фото: Қорғаныс министрлігінің ресми сайты

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Желтоқсанға дейін 22 мың жас сарбаз сапқа қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаевтың айтуынша, Қазақстан Республикасы президентінің жарлығына сәйкес қыркүйек айынан бастап жергілікті атқарушы орган әкімдері орынбасарларының басшылық етуімен 195 қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиясы азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруға кірісті.

"Желтоқсан айының 30-на дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ 18-ден 27 жасқа дейінгі 22 мыңға жуық ер азамат толықтырады", - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Қазақстанда биыл күзде 18 бен 27 жас аралығындағы қанша азамат әскерге шақырылмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.