jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Құны 150 млн теңгеден асады": Қытайдан Қазақстанға жүк көліктерін заңсыз әкелу арнасы анықталды

Жүк көліктері
Жүк көліктері. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас көлік прокуратурасы Қытайдан Қазақстанға жалған құжаттар арқылы жүк көліктерін заңсыз әкелу арнасын анықтады, деп хабарлайды құзырлы органға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қадағалау органы жүргізген талдау барысында елімізге Қытай Халық Республикасында өндірілген құны 150 млн теңгеден асатын, экологиялық талаптарға сай келмейтін жүк көліктерін жалған құжаттар арқылы заңсыз әкелу арнасы анықталды.

Қылмыстық істі Бас көлік прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеп жатыр, кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Айта кетелік, бұған дейін Қытайдан халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен әкелу және аса ірі мөлшерде жалған шот-фактуралар жазу дерегі бойынша айыпталушыларға сот үкімі шыққан еді.

"Құны 150 млн теңгеден асады": Қытайдан Қазақстанға жүк көліктерін заңсыз әкелу арнасы анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.