jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Депутат Мұрат Әбенов "Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып сайланды

Мұрат Әбенов
Мұрат Әбенов. Фото: facebook.com/QazaqstanHalqyna

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді, деп хабарлайды қордың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қамқоршылық кеңесінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі №87 шешімімен Мұрат Абдуламитұлы Әбенов қордың Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып сайланды", - делінген хабарламада.

Мұрат Әбенов – белгілі қоғам қайраткері және Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі.

Хабарламада Мұрат Әбеновтің мемлекеттік секторда да және қоғамдық салада жұмыс тәжірибесі мол екені айтылған.

Айта кетейік, биыл қаңтар айының соңында "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының басқарма төрайымы болып Ләззат Шыңғысбаева сайланған еді.

Ал бұған дейін қоғамдық қорды үш жыл Болат Жәмішев басқарған болатын.

Депутат Мұрат Әбенов "Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып сайланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.