Алматыда жаңа автобус бағыты ашылды
Опубликовано:
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен және Алатау ауданындағы Теректі шағынауданы тұрғындарының жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында қалалық мобильділік басқармасы жаңа тұрақты автобус бағытын ашқан.
Бүгіннен бастап жаңа №83 автобус "№184 мектеп – №7 қалалық аурухана" бағыты бойынша қатынайды.
Бағытқа ұзындығы 9 метрлік газбен жүретін Yutong маркалы автобустар шығарылады. Күн сайын төрт автобус жолға шығып, қозғалыс аралығы шамамен 10 минут болады.
Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, №83 автобус әзірге сынақ режимінде жұмыс істейді. Жолаушылар легі мен тұрғындар сұранысына байланысты қозғалыс сызбасына түзетулер енгізілуі мүмкін.
Айта кетелік, бұған дейін Қалқаман және Шұғыла шағынаудандары тұрғындарының қатынасын жеңілдету үшін жаңа автобус бағыт ашылғанын жазған едік.
Жаңа бағытта №90-автобус қатынайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2281884-almatyda-zhanga-avtobus-bagyty-ashyldy/