jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Алматының бірнеше ауданы жарықсыз қалды

Балауыз шам
Балауыз шамдар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгін, 3 қыркүйекте Алматының кейбір шағын аудандары жарықсыз қалды. Оқиға орнында "АЖК" АҚ бригадалары жұмыс істеп жатыр, деп компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін 14:25-те Медеу, Бостандық және Әуезов аудандарында электр жарығы апатты жағдайда сөндірілді.

"Аудандардың жарықсыз қалуына кабельдік желілердегі апатты жағдай себеп болған. Нәтижесінде Достық, Қарғалы, Архат, Ғаламат, Жайлау шағын аудандары мен Гурилев, Теміртау және Блок көшелері уақытша жарықсыз қалды", - деп мәлімдеді компания өкілдері.

Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына 8 жедел бригада, кабельдік желілерді жөндейтін бригада, арнайы техника жұмылдырылды. Оған қоса электролабораториялар жұмыс істеп жатыр. 18:00-ден бастап тұтынушыларға уақытша электр жарығын беру жүзеге асырылып жатыр.

"АЖК" АҚ уақытша ыңғайсыздық үшін кешірім сұрайды. Біз электр жарығын қалпына келтіру үшін қажетті шараларды іске асырып жатырмыз", - делінген хабарламада.

Алматының бірнеше ауданы жарықсыз қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.