jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Жол ақысы 3 мың теңге": Көкпекті ауылынан Семейге қоғамдық көлік қатынай бастады

Қоғамдық көлік
Қоғамдық көлік. Фото: Абай облысының әкімдігі

2 қыркүйектен бастап "Семей – Көкпекті – Теректі" бағытында Mercedes Benz Sprinter маркалы микроавтобус қатынай бастады, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдік мәліметінше, қоғамдық көлік аптасына үш рет, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері жолға шығады. Осылайша, аудан тұрғындары облыс орталығына қатынау мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Көкпекті ауданында маршруттық автобустар мен микроавтобустар қатынамаған.

"Қазіргі таңда "Көкпекті – Семей" бағытындағы такси қызметінің құны шамамен 6 мың теңге болса, жаңа маршрутта жол ақысы 3 мың теңге болып белгіленді. Бұл тұрғындардың шығынын азайтып, әлеуметтік тұрғыда үлкен қолдау болып отыр", - делінген әкімдік хабарламасында.

Сонымен қатар биыл Көкпекті ауданында "Шұғылбай – Көкпекті" бағытында маршруттық "Газель" іске қосылды. Бұдан бөлек аудан орталығы – Көкпекті ауылында ауылішілік қоғамдық көлік қызметі жолға қойылды.

"Жаңа бағыттардың ашылуы аудан халқының қатынауына қолайлы жағдай жасап, ауылдар арасындағы байланысты нығайтады", - деп қосты әкімдік өкілдері.

"Жол ақысы 3 мың теңге": Көкпекті ауылынан Семейге қоғамдық көлік қатынай бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.