jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Курьер, сатушы, тәрбиешінің көмекшісі: жазғы каникул кезінде қанша оқушы жұмыс істеді

Жасөспірім
Курьер қызметіндегі жасөспірім. Көрнекі фото: pixabay.com

Еңбек министрлігі жазғы каникул кезінде қанша оқушы жұмыс істегені туралы мәлімет берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, 2025 жылдың мамыр айында Enbek.kz электронды еңбек биржасы платформасында кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыруға арналған "Менің жазғы каникулым" атты арнайы бөлім құрылды.

"Демалыс кезеңінде 14 пен 18 жас аралығындағы барлығы 5,4 мың қазақстандық жұмысқа орналасты. Жалпы жаз айларында 16-18 жас аралығындағы жастар 13,6 мың түйіндеме, 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің ата-аналары 356 жеке кабинет ашып, оның ішінде 112 адам 129 түйіндеме жариялады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Еңбек кодексіне сәйкес, 14 жастан бастап ресми түрде жұмыс істеуге тек денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқуға кедергі жасамайтын, сабақтан тыс уақытта орындалатын жұмыстарға ғана рұқсат етіледі.

Осы талаптарға сай келетін шамамен 80 мамандық белгіленген, олардың қатарына тәрбиешінің көмекшісі, дүкен сатушысы, тазалаушы-жуушы, SMM-менеджер, курьер және басқа да қызметтер жатады. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "Менің жазғы каникулым" бөлімінде 305 жұмыс берушіден осындай 2,1 мың бос жұмыс орыны жарияланған.

"Бұл бос жұмыс орындарын тікелей жұмыс берушілердің өздері ұсынады, сондықтан кейбір өңірлерде мұндай ұсыныстар болмауы мүмкін. Бұл функционал кәмелетке толмағандарды каникул кезеңінде жұмысқа орналастыру үшін алдағы уақытта да қолжетімді болады. Ол үшін жұмыс беруші бос жұмыс орнын жариялаған кезде тиісті белгіні қоюы қажет", - дейді министрлік өкілдері.

Курьер, сатушы, тәрбиешінің көмекшісі: жазғы каникул кезінде қанша оқушы жұмыс істеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.