jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ұлттық ұлан офицері Түркия президенті Ердоғанның қолынан диплом алды (фото)

Ердоған Ұлттық ұланның лейтенантына диплом табыстауда
Ердоған Ұлттық ұланның лейтенантына диплом табыстауда. Фото: t.me/qr_iim_uu

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ұлттық ұланның офицеріне диплом табыстады, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Түркия астанасы Анкарада Жандармерия және жағалау күзеті академиясы түлектеріне диплом табыстау салтанатты шарасы өткен.

Түлектер қатарында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланынының тоғыз жас офицері де бар.

Іс-шараның мәртебелі қонағы ретінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қатысқан. Ол Ұлттық ұланның лейтенанты Асхат Сұлтанахметке академия дипломын өз қолымен табыстаған.

"Бұл оқиға Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың айқын көрінісі болды", - делінген хабарламада.

Түркия тарапының ресми шақыруы бойынша салтанатты рәсімге еліміздің құқықтық тәртіп әскерінен арнайы делегация қатысқан. Делегацияны Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков бастап барған.

Ұлттық ұлан офицері Түркия президенті Ердоғанның қолынан диплом алды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.