jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Демалыс күндері бірнеше өңірде ауа температурасы төмендейді

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ел аумағында жаңбыр жауып, жел күшейіп, ауа температурасы төмендейтінін болжап отыр, деп хабарлайды "Қазгиромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіндегі күн райына солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етіп, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

6 қыркүйекте солтүстік-батыста, 7-8 қыркүйекте солтүстікте, 8 қыркүйекте шығыс пен орталықта қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел күтіледі.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түсуі ықтимал. Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Бұдан бөлек, мына өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

  • Солтүстік-батыста түнде +8…+16°С, күндіз +15…+25°С;
  • Солтүстікте түнде +8…+15°С, күндіз +13…+20°С;
  • Орталықта түнде +7…+18°С, күндіз +15…+23°С;
  • Оңтүстікте түнде +12…+20°С, күндіз +22…+30°С.

Ал шығыста ауа температурасы көтеріледі – түнде +5…+15°С, күндіз +20…+28°С. Батыста және оңтүстік-шығыста температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.

Демалыс күндері бірнеше өңірде ауа температурасы төмендейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.