jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

"Мектеп сөмкесі зиян келтіруі мүмкін": денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

Оқушылар
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мектеп сөмкесіне қатысты ата-аналарға үндеу жасап, оқушыларға арналған сөмкелерді қалай дұрыс таңдау керектігін айтты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа оқу жылында балаға арналған сөмкені дұрыс таңдау аса маңызды екенін жеткізді. Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, тым ауыр әрі қолайсыз сөмке оқушының денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Нормаларға сәйкес салмақ: • 1–3 сынып — 2 кг дейін • 4–5 сынып — 2,5 кг дейін • 6–7 сынып — 3,5 кг дейін • 8–11 сынып — 4,5 кг дейін

Министрлік өкілдері сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10%-нан аспауы тиіс екенін ескертті.

Мамандар кең әрі жұмсақ төсемді белдіктері бар, арқасы ортопедиялық болып келетін сөмкелерді таңдауға кеңес береді. Оған қоса сөмкенің жеңіл және су өткізбейтін материалдан жасалуы маңызды, жарық шағылыстырғыштар да міндетті түрде болуы керек дейді олар.

Министрлік өкілдері ата-аналарды баланың сөмкесін артық заттардан тазалап тұруға, оны екі иықпен киіп жүруге үйретуге шақырды. Сөмке ауыр болып жатса, кітаптарды мектепте қалдыруды мұғаліммен ақылдасуға кеңес берді.

"Мектеп сөмкесі зиян келтіруі мүмкін": денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.