Қазақстанның Кореядағы елшілігінде заңсыз көші-қон фактілерін қадағалайтын полиция атташесі тағайындалады
Опубликовано:
Жақын арада Қазақстанның Корея Республикасындағы елшілігінде заңсыз көші-қон фактілерін қадағалайтын полиция атташесі тағайындалады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев еліміздің Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізген.
Кездесудің негізгі тақырыбы заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл мәселелері мен Қазақстан азаматтарының Корея Республикасының аумағында заңды болуын қамтамасыз ету болған.
"Кездесу қорытындысы бойынша Корея Республикасына заңсыз көші-қонның алдын алу, сондай-ақ жақын арада Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы елшілігінде Қазақстан азаматтарының болуын, оның ішінде заңсыз көші-қон және заңсыз еңбек қызметін анықтау фактілерін қадағалайтын полиция атташесі тағайындалатындығы туралы мәселелер талқыланды", - делінген хабарламада.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәселені тұрақты бақылауға алған.
"Анықталған барлық заңбұзушылық дер кезінде тіркеліп, әрі қарай қарастыру үшін Қазақстан Республикасының және Корея Республикасының уәкілетті органдарына жолданатын болады", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2284236-qazaqstannyng-koreiadagy-elshiliginde-zangsyz-koshi-qon-faktilerin-qadagalaityn-politsiia-attashesi-tagaiyndalady/