jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Астанада көшелердің бірінде көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады

Жол жөндеу
Жол жөндеу. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Астанада Ш.Айтматов көшесінің Қорғалжын тас жолынан Ш.Қосшығұлұлы көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астананың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Айтматов көшесінің Қорғалжын тас жолынан Ш.Қосшығұлұлы көшесіне дейінгі аралығында жол жамылғысына орташа жөндеу жүргізеді.

Осыған байланысты 10-22 қыркүйек аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы кезең-кезеңімен ішінара шектеледі. Сонымен қатар көлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен қамтамасыз етіледі.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады", - делінген әкімдік хабарламасында.

Астанада көшелердің бірінде көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.