Қазақстан мен Корея өкілдері ел азаматтарын Кореядағы жұмысқа орналастыру мәселесін талқылады
Опубликовано:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев пен Корея Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжо Тэ-икпен екіжақты кездесу өткізді. Бұл туралы Еңбек министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Іс-шараға Интерпол Ұлттық орталық бюросының басшысы, Корея Республикасындағы полиция атташесі Мерей Мақұлжан, саяси бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы елшілігінің 2-хатшысы Ким Иль Джунг, ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Шонов және басқалар қатысқан.
Келіссөздер барысында Қазақстан азаматтарының Корея Республикасында заңды, қауіпсіз және ретке келтірілген жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан тарапынан қабылданып жатқан кешенді шаралар талқыланған.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның оңтүстіккореялық жұмысқа орналасуға рұқсат беру – Employment Permit System (EPS) жүйесіне қосылуы бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келіскен.
Айта кетелік, осыған дейін Асқарбек Ертаев ел азаматтарының Корея Республикасының аумағында заңды болуын қамтамасыз ету мәселесіне қатысты еліміздің Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің өкілдерімен кездесу өткізген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2284725-qazaqstan-men-koreia-okilderi-el-azamattaryn-koreiadagy-zhumysqa-ornalastyru-maselesin-talqylady/