jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстандық мұғалім Оралдан Ақтөбеге дейінгі 500 километр жолды жүгіріп өтті

Қуаныш Құрмашев
Қуаныш Құрмашев.Фото: Diapazon.kz

Оралдан Ақтөбеге дейін 500 шақырымды жүгіріп өткен мұғалім балаларға спортпен шұғылданудың маңызын көрсетуді мақсат еткен. Ол жеңіл атлетика мен волейболдан балаларды жаттықтырады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Диапазон"-ға сілтеме жасап.

Басылым тілшісінің мәліметінше, Қуаныш Құрмашев – Қарғалы ауданына қарасты Петропавловка ауылындағы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Ол сондай-ақ жеңіл атлетика мен волейболдан жаттықтырушы.

Педагогтің Оралдан Ақтөбеге дейінгі сапары 5 күнге созылған. Алғашқы екі күнде ол күніне 80 шақырымнан жүгірген, үшінші күні – 70 шақырым. Белгіленген уақытқа үлгеру үшін соңғы екі күнде 130 шақырымнан еңсерген.

"Мен Оралдағы Киров саябағынан жүгіріп шықтым да, Ақтөбеге дейін тоқтамай жеттім. Әр 100 шақырым сайын демалып, тамақтандым. Жолда көліктер тоқтап, мені құттықтап, ас-су беріп, қолдау көрсетті. Балаларға үлгі болу үшін, спортпен айналысу қажеттігін көрсету үшін осы қашықтықты жүгіріп өттім. Біз мықты әрі төзімді халық екенімізді дәлелдегім келді", - дейді Қуаныш Құрмашев.

Басылым мәліметінше, 37 жастағы мұғалім үнемі түрлі жүгіру шараларына қатысып, салауатты өмір салтын ұстанып келеді.

Қазақстандық мұғалім Оралдан Ақтөбеге дейінгі 500 километр жолды жүгіріп өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.