jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстан жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізудің ұлттық моделін бекітті

Жасанды интеллект
ЖИ. Иллюстрациялық фото: Surasak Suwanmake/Getty Images

Еліміз жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізудің ұлттық моделін бекітті, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2025-2029 жылдарға арналған орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Құжат мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында берілген тапсырмасы аясында әзірленген. Алғаш рет білім беру саласында жасанды интеллектіні қолданудың бірыңғай ұлттық стандарттары бекітіліп, оған этика, құқықтық реттеу, дербес деректерді қорғау және академиялық адалдық мәселелері енгізілген.

Бұл тұжырымдама мектептерді ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын да қамтиды. Ол жасанды интеллектке арналған арнайы тақырыптарды оқу процесіне енгізуді, заманауи цифрлық оқулықтар шығаруды, оқушылардың ЖИ бойынша сауаттылығын қалыптастыруды және олардың жобалық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауды көздейді. Сонымен қатар педагогтердің кәсіби деңгейін Acquire → Deepen → Create үшсатылы үлгісі бойынша жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Құжатта баланың құқықтарын қорғау мен педагогтің кәсіби беделін сақтау мәселесіне айрықша мән берілген. Сондай-ақ мектептер мен колледждерде жасанды интеллектіні пайдаланудағы этика мен академиялық адалдықтың ортақ қағидалары бекітіледі.

Айта кетейік, 2025-2026 оқу жылынан бастап "Цифрлық сауаттылық" пен "Информатика" пәндеріне жасанды интеллект элементтері енгізілді. Оқушылар үшін Day of AI әдістемелік кешені әзірленіп, педагогтер үшін арнайы біліктілікті арттыру бағдарламалары іске қосылды.

Қазақстан жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізудің ұлттық моделін бекітті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.