jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыда жылыту маусымы қашан басталады

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pexels.com

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы қалада жылу беру маусымы қашан басталатынын және бірінші кезекте қандай нысандар қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жылыту маусымын бастау туралы шешім сырттағы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн қатарынан +8°C немесе одан төмен болған кезде қабылданады", - дейді басқарма өкілдері.

Сондай-ақ ведомстводағылар жылумен қамту кезең-кезеңімен жүргізілетінін, әлеуметтік нысандар – балабақша, мектеп, медициналық мекемелер, кәсіптік лицейлер мен медициналық-әлеуметтік ұйымдар бірінші болып қосылатынын айтты.

Кейін жылу тұрғын үйлерге, жатақханалар мен қонақүйлерге, одан кейін әкімшілік ғимараттарға, университеттер мен театрларға беріледі. Басқа нысандар соңғы кезекте қосылады.

"Жылу бекітілген кестеге сәйкес беріледі және тұтынушыларды үздіксіз жылу берумен қамтамасыз етеді", - дейді Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдері.

Алматыда жылыту маусымы қашан басталады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.