jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматы полициясы Backstreet Boys тобының концертіне байланысты мәлімдеме жасады

Backstreet Boys тобы
Backstreet Boys тобы. Фото: Omar Vega/WireImage/Getty Images

Алматыда Backstreet Boys тобының концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 2,5 мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылады. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, концертке көптеген адам келеді деп күтіліп отыр. Осыған байланысты полицияның кешенді күштерінің кезекшілігі күшейтіледі.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және көлік қозғалысын реттеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Сондай-ақ кептелістердің алдын алу және арнайы көліктердің еркін қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынов, Мұқанов және Сәтбаев көшелері шеңберінде автокөлік қозғалысына ішінара шектеу қойылуы мүмкін.

"Алматы қалалық полиция департаменті, қала тұрғындарын, осы ақпаратты бағыттарын жоспарлау кезінде ескеруге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындауға шақырады", - делінген хабарламада.

Айта кетелік, Backstreet Boys тобының Алматыдағы концерті бүгін, 19 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді.

Осыған дейін әйгілі америкалық топты Алматыда қалай қарсы алғанын жазған едік. Сондай-ақ топтың солисі Қазақстаннан алған әсерін бөліскен еді.

Алматы полициясы Backstreet Boys тобының концертіне байланысты мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.