Астанада ұлттық және діни алауыздықты қоздырған 11 азамат сотталған
Опубликовано:
Жыл басынан бері елордада ұлттық және діни араздықты қоздыру фактісі бойынша 11 адам сотталған, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, мысалы, елорда тұрғыны TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде әдепсіз сөздер қолданып, басқа ұлтқа қатысты бұрыс пікір білдіріп, сол арқылы ұлттық негізде жанжал тудырған.
Құзырлы орган бұл әрекеттер Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының талаптарына қарама-қайшы келетінін еске салды.
Бүгінде 11 тұлғаға қатысты сот актілері заңды күшіне енген. Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденген, олардың барлығы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.
Осы орайда елордалық прокуратура арандатушылыққа бой алдырмауға, түрлі ұлт пен дін өкілдерінің арасында араздық тудыратын сөздер мен әрекеттерге жол бермеуге назар аударатынын мәлімдеді.
Сондай-ақ әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың қарастырылғанын, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделгенін еске салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2288145-astanada-ulttyq-zhane-dini-alauyzdyqty-qozdyrgan-11-azamat-sottalgan/