jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Жұмысшы мамандықтарына жаңа серпін: Қызылордадағы колледждердің бірінде баспасөз туры өтті

Жұмысшы мамандықтарына жаңа серпін
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазіргі қоғамда бәсекеге қабілетті, кәсіби шеберлігі жоғары жұмысшы мамандарға сұраныс арта түсті, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы мақсатта Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі жұмысшы мамандықтарының беделін көтеріп, студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған ауқымды іс-шараларды қолға алып жатыр.

Соның жарқын дәлелі – колледж бастамасымен өткен бүгінгі баспасөз туры.

Шара барысында қатысушылар алдымен колледж тарихымен танысып, мұражай экспозициясын аралап, оқу орнының 95 жылдық тарихы мен серіктестер картасын тамашалады.

Жұмысшы мамандықтарына жаңа серпін
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар студенттердің сабақтан тыс белсенді өмірі спорттық, шығармашылық үйірмелер мен "Жас сарбаз" жобасының жұмысы көрсетілді. Колледж директорының міндетін атқарушы Ермұхан Бауыржан оқу орнының миссиясы, даярлау бағыттары, дуалды оқыту жүйесінің артықшылықтары, халықаралық аккредитациядан өтуі және шетелдік әріптестік байланыстар жайлы кеңінен әңгімелеп берді.

Бұдан кейін баспасөз-тур қатысушылары өндірістік тәжірибе алаңдарына барып, студенттердің нақты жұмыс барысындағы әрекеттерін көру мүмкіндігіне ие болды.

Жұмысшы мамандықтарына жаңа серпін
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мұнда жастар вагон жөндеу депосында дөңгелек жұптарын жөндеу ісіне тікелей араласып, теміржол саласының қыр-сырын үйреніп жатқанын көрсетті. Сондай-ақ олар күріш өңдеу алаңында болып, өнімді қабылдау, өңдеу, сұрыптау және қаптау процесінің барлық кезеңдерін бақылап, ауыл шаруашылығы өндірісінің толық циклін зерделеді. Бұл тәжірибе студенттерге тек теориялық білімді бекітуге ғана емес, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасындағы өзара байланысты терең түсінуге мүмкіндік берді.

Жұмысшы мамандықтарына жаңа серпін
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар жастар қаладағы заманауи Toyota орталығында автокөлік диагностикасы мен жөндеу жұмыстарын меңгеріп, қозғалтқыш, электр жүйелері және қосалқы бөлшектерді ауыстыру сияқты нақты өндірістік процестерге қатысты.

Шара соңында табысты түлектермен кездесу ұйымдастырылып, өз кәсібін ашқан кәсіпкерлер мен колледжде қызмет етіп жүрген жас мамандар тәжірибелерін бөлісті. Олар студенттерді үздіксіз ізденуге, білікті маман болуға және еңбек нарығында сұранысқа ие болуға шақырды.

Жұмысшы мамандықтарына жаңа серпін
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы жариялаған "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында өткізілген бұл іс-шара жастардың кәсіби әлеуетін арттырып, еңбек нарығына сенімді қадам жасауына жол ашты.

Осындай тәжірибе алаңы студенттердің кәсіби машығын шыңдап қана қоймай, еңбек мәдениетін қалыптастыруға, жұмысқа деген жауапкершілік сезімін арттырып, өңір экономикасына да серпін берері сөзсіз.

Жұмысшы мамандықтарына жаңа серпін: Қызылордадағы колледждердің бірінде баспасөз туры өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.