jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Түркістан қаласында World CleanUp Day сенбілік шарасы өтті

Сенбілік
Сенбілік. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс орталығы, киелі шаһар Түркістан қаласында халықаралық World CleanUp Day іс-шарасы аясында кең көлемді сенбілік шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кезекті сенбілікке қаладағы департаменттер мен басқармалар, дербес бөлімдер мен сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым өкілдері, қала тұрғындары мен түрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және еріктілер қатысты.

Сенбілік
Сенбілік. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тазалық жұмыстары барысында жалпы 1000нан адам астам, 22 арнайы техника жұмылдырылып, Б.Саттарханов даңғылы мен Қазыбек би көшесі аралығындағы аумақта шөптер шабылып, аяқ жолдар тазаланып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Сенбілік
Сенбілік. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан қаласы әкімдігі қала тұрғындарын тазалыққа белсене атсалысуға және өздері тұратын аймақтарды таза ұстауға шақырады.

Сенбілік
Сенбілік. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сенбілік
Сенбілік. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан қаласында World CleanUp Day сенбілік шарасы өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.