Астанада көлік көп жүретін жол учаскелерінің бірі түні бойы жабық тұрады
Опубликовано:
Астанада Қонаев көшесі мен Мәңгілік ел даңғылы қиылысында көлік қозғалысы бір түнге шектеледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына Қонаев көшесі мен Мәңгілік ел даңғылы қиылысында жол төсемін жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын ескертеді. Осыған байланысты 23 қыркүйек сағат 21:00-ден 24 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін бұл учаске толығымен жабылады.
Қала әкімдігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағытты алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұрайды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2289489-astanada-kolik-kop-zhuretin-zhol-uchaskelerining-biri-tuni-boiy-zhabyq-turady/