jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстан мен Марокко қылмыскерлерді ұстап беруге келісті

Күдікті
Кісен салу. Иллюстрациялық фото: Mario Tama/Getty Images

Мәжіліс қылмыскерлерді ұстап беру, сотталған адамдарды беру туралы Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы келісімді ратификациялады. Келісімге 2024 жылғы 12 желтоқсанда Рабат қаласында қол қойылған, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Құжатқа сәйкес, тараптар қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе сот үкімін орындау үшін өз аумақтарында орналасқан адамдарды бір-біріне ұстап беруге міндетті болады.

Ұстап беруге тек тараптардың заңнамасына сәйкес кемінде бір жылға бас бостандығынан айыру немесе одан да қатаң жаза көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар жатады. Үкімді орындау үшін ұстап беруге сұрау салу кезінде қалған жаза мерзімі кемінде алты ай болған жағдайда жол беріледі.

Егер жеке тұлға сұрау салынатын тараптың азаматы болса, қылмыс саяси сипатта жасалса, сұрау салу нәсіліне, дініне немесе ұлтына байланысты қудалауға немесе жазалауға қатысты болса, қылмыс әскери қылмыс болса немесе сұрау салынған тарап жеке тұлғаға баспана берген жағдайларда ұстап беруден бас тартылады.

Құжат аясында тараптар бас бостандығынан айырылған адамдарды өз елінде жазасын одан әрі өтеу үшін бір-біріне беруге міндетті болады. Онда сотталғандарды беру мен беруден бас тартудың нақты негіздері қарастырылған.

Сотталған адамдарды беру шарттары:

  • адам үкімді орындайтын мемлекеттің азаматы болуы;
  • үкім түпкілікті болуы және орындалуы;
  • сотталған адамға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе бас бостандығынан айыруға байланысты өзге де шара тағайындалуы;
  • адамның сотталуына алып келген әрекет екі елдің заңнамасына сәйкес қылмыс болып есептелуі;
  • беру туралы сұрау салуды алған кезде жазаны өтеудің қалған мерзімі кемінде бір жылды құрауы;
  • сотталған адамды беруге оның жазбаша келісімінің болуы.

Егер сотталған адам үкімді шығарушы елдің азаматы болса және тараптардың бірінің заңнамасына сәйкес үкімнің күші жойылса, сотталған адамды беруден бас тартылады.

Келісімді жүзеге асыруға Қазақстан тарапынан – Бас прокуратура, Марокко тарапынан – Әділет министрлігі жауапты болады.

Қазақстан мен Марокко қылмыскерлерді ұстап беруге келісті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.