jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Ринат Зайыт Нұрбол Назарбаевтың компанияларын тексеруді талап етті

Ринат Зайытов
Ринат Зайытов. Видеодан кадр: youtube.com/@mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Болат Назарбаевтың ұлы Нұрболға тиесілі компаниялар қызметінің заңдылығын тексеруге шақырды. Бұл туралы ол депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Депутаттың сөзінше, Нұрбол Назарбаевтың активтері мемлекеттің меншігіне қайтарылған.

"Оған 925 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 230 млн теңге өсімақы бекітілді. Бастысы, оның барлық банк шоттары бұғатталды. Ол компания табысын жарату құқығынан айырылды. Бұл аса маңызды қадамдардың бірі. Алайда қоғамда рейдерлік жолмен тартып алынған базарлар мен Алматы қаласында заңсыз жолмен алынған жер телімдерінің осы отбасыға тікелей қатысы бар екені туралы түрлі ақпараттар тарауда. Әсіресе атышулы "Алтын Орда" базары көп аталады. Алайда бұл нысандар жоғарыда тәркіленген активтердің қатарында бар-жоғы әлі белгісіз", - деді Ринат Зайытов мәжілістің пленарлық отырысында.

Оның пікірінше, бұл істің нақты мән-жайы ашық түрде жарияланған жоқ.

"Сот шешімдеріне қарамастан процестердің жабық форматы халықты алаңдатуда. Себебі, қайтарылған активтердің кейінгі тағдыры не болмақ, олардың халыққа қандай пайдасы бар, жұмыс орындарының сақталуы деген секілді біраз сұрақ туындайды. Осыған байланысты келесі талаптарды орнатуды орынды деп есептеймін:

  • Нұрбол Назарбаевтың жеке меншігіндегі компаниялар мен активтерді, олардың заңдылығын тексеру. Заңсыз жағдайлар тіркелген жағдайда мемлекет меншігіне қайтару.
  • Екіншісі - халыққа қайтарылған заңсыз активтер туралы толыққандыақпарат беру.
  • Үшіншісі - "Алтын Орда" базары, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы заңсыз жолмен алынған жер учаскелері бойынша тергеу жұмыстарын бастау", - деді Зайытов.
Ринат Зайыт Нұрбол Назарбаевтың компанияларын тексеруді талап етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.