"Ипотека алу үшін банкке екі рет бару жеткілікті": Отбасы банк клиенттеріне қолайлы жағдай жасауда
Опубликовано:
Отбасы банк өкілдері ипотека алудың тиімді әрі қолайлы жолдарын ұсынады. Банк клиентерінің уақытын барынша үнемдеп, кеңсеге көп шақыртпай, оның үстіне нысандардың тізімі бар Baspana market атты маркетплейсті іске қосты.
Отбасы Банктен ипотека алу үшін тек екі рет банкке бару жеткілікті
Отбасы Банкінің цифрлық қызметтері арқылы болашақ пәтер иелері несиеге өтініш беріп, кеңес алып, қарызды үйден немесе жұмыстан шықпай-ақ рәсімдей алады.
Отбасы банкте ипотеканы онлайн рәсімдеуге болады және клиентке жеке қолдау көрсетіледі. Өтініш беру, кеңес алу және несиеге алдын ала мақұлдау бәрі үйден немесе жұмыстан шықпай жасалады. Банкке тек екі рет бару қажет – біріншісі пәтерді сатып алу-сату келісіміне, екіншісі сақтандыру рәсімдеп, несие төлем кестесіне қол қоюға. Ал салыстырмалы түрде алып қарасақ, дістүрлі тәсілде банкке тоғыз ретке дейін баруға тура келуі мүмкін.
Бұл өз кезегінде заемшылардың уақытын үнемдейді және пәтер сатып алу процесін түсінікті етеді. Енді пәтер таңдау мен ипотеканы рәсімдеу Қазақстанның кез келген қаласында мүмкін. Мысалы, 2025 жылы онлайн-арналар арқылы 5367 ипотека рәсімделді. Мұндай мәмілелердің үлесі тұрақты өсіп келеді: 2022 жылы – 2,6%, 2023 жылы – 4,4%, 2024 жылы – 7,3%, 2025 жылы – 12,8% көрсетті.
Онлайн-ипотека жылдық 3,5%-дан басталатын пайыздық мөлшерлемемен қолжетімді (ЖТСМ – 3,6–4,4%). Несие сомасы 100 000 000 теңгеге дейін, мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін. Алғашқы төлем келісім сомасының 50%-ына дейін болуы мүмкін. Кейбір әлеуметтік бағдарламалар бойынша пайыздық мөлшерлеме мен алғашқы төлемде жеңілдіктер қарастырылған.
Жинақтан өз пәтеріңе дейін
Банк тұрғын үйге ақша жинап жүргендерге ерекше көңіл бөледі: қазіргі уақытта банкте 3 миллионнан астам белсенді жинақ шоты бар.
Пәтер іздегендер мен салымшылар үшін банк Baspana market атты маркетплейсті іске қосқан – бұл жерде барлық нысандар бір каталогта көрсетілген, баға, аудан және құрылыс кезеңі бойынша сүзгілері бар. Платформада ұсыныстарды салыстыруға, қарауға жазылуға, құрылыс компаниясынан рұқсат құжаттарын тексеруге және ипотекаға өтінім беруге болады – барлығы бір терезе қағидатымен.
Банктегілердің айтуынша: цифрлық құралдар тікелей қарым-қатынасты алмастырмауы тиіс. Сондықтан жеке менеджер клиентке алғашқы кеңестен бастап кілт алғанша көмектеседі. Ол құжаттарды рәсімдеуге септесіп қана қоймай нотариусқа баруды да үйлестіреді.
Құжаттарды рәсімдеу жолы
Өтінішті Baspana market-тегі жеке кабинет арқылы немесе банктің сайтында видеоқоңырау арқылы беруге болады. Видеобанкинг арқылы клиент кеңес алады, алдын ала есептеу жасалады және несие сомасы мақұлданады.
Несие тарихын алдын ала тексеріп, барлық қажет құжаттардың электрондық көшірмелерін дайындау ұсынылады – бұл өтінімді тезірек қарауға көмектеседі.
Содан кейін клиент өзі пәтер таңдайды, бағалау қызметін тапсырады және бағалау есепті жүйеге жүктейді.
Бағалау дайын болған соң, оператор видеоқоңырау арқылы несие өтінімін рәсімдеуге көмектеседі және оның мәртебесі туралы хабарлайды. Егер шешім оң болса, қызметкер нотариустың ыңғайлы уақытын брондайды. Клиент алғаш рет барып тұрған себепті осы жолы құқықтық құжаттарын ұсынады және келісім-шартқа қол қояды.
Банктің несиелік келісімі дайын болған соң, құжатты электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қашықтан қол қоюға болады.
Банкті екінші рет бару – сақтандыру рәсімдеу, төлем кестесіне қол қою және кепілдің реестрде тіркелуі үшін қажет.
Арманым орындалды
Отбасы банк клиенттері өздерінің алғашқы пәтерінің кілтін алған сәтте үнемі осылай деп жатады. Солардың бірі – Шымкенттен шыққан Нұрлы Жұршыман. Ол 13 жылдан бері Алматыда тұрып, №162 С. Байжанова атындағы мектеп-гимназияда педагог-психолог болып жұмыс істейді.
Нұрлы "Алматы жастары" бағдарламасына қатысқан – бұл жас мамандарға арналған ең сұранысқа ие ипотекалық бағдарламалардың бірі. Онда жылдық 5% жеңілдетілген мөлшерлеме (ЖТСМ5,2–5,7%) және бастапқы жарна 10% қарастырылған.
"Мен Отбасы банкте онлайн-ипотеканы рәсімдедім, және бұл ойлағанымнан әлдеқайда оңай болды. Үш күннің ішінде, үйден немесе жұмыстан шықпай, менеджер Салават Нурайдостың көмегімен барлық рәсімдерден өттім. Банк арқасында мен Алматыдан өзімнің алғашқы үш бөлмелі пәтерімді сатып ала алдым. Егер өз пәтеріңізді алғыңыз келсе, Отбасы банкіне хабарласыңыз. Менің арманым ақыры орындалды", – дейді ол.
Нұрлының тәжірибесі Отбасы банк онлайн-ипотекасының технология мен адам арасындағы үйлесімділігін жақсы көрсетеді: Baspana market платформасы пәтерді іздеуді және алдын ала тексеруді жеңілдетеді, ал менеджерлер барлық кезеңде клиентті сүйемелдейді. Депозит жинап, келесі қадамға дайын адамдар үшін цифрлық маршрут уақыт пен күш үнемдейді, бірақ клиенттің қолдауы мен шарттардың айқындығын ешқашан шектемейді.
Толығырақ ақпарат пен қолжетімді нысандар тізімі – Baspana market порталында және Отбасы банк сайтында. Кеңесші онлайн түрде жеке кабинетте әрқашан қолжетімді.
*Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 1.1.111 банк заңнамасында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясы.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2290050-ipoteka-alu-ushin-bankke-eki-ret-baru-zhetkilikti-otbasy-bank-klientterine-qolaily-zhagdai-zhasauda/