jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Мемлекеттік кірістер комитеті ресейлік БАҚ-та жарияланған ұшқышсыз ұшу аппараттарына қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Ұшқышсыз ұшу аппараты
Ұшқышсыз ұшу аппараты. Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Мемлекеттік кірістер комитеті ұшқышсыз ұшу аппараттарына қатысты таралған ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасап, ресейлік БАҚ-тағы жарияланымдарды жоққа шығарды. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2025 жылғы 22 қыркүйекте бірқатар ресейлік БАҚ-та ресейлік кеден органдарының Қазақстаннан жеткізілу барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) анықтағаны туралы ақпарат жарияланған.

Комитеттің мәлімдеуінше, бұл дерек шындыққа жанаспайды және оқиғаның нақты мән-жайы көрсетілмеген.

Іс жүзінде аталған ұшқышсыз ұшу аппараттарын 2025 жылғы 13 маусымда "Жайсаң" автокөлік өткізу пунктінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері Ресей Федерациясынан қажетті құжаттарсыз әкелуге әрекет жасау кезінде анықтаған.

Белгіленген тәртіпке сәйкес жүк экспорттық бақылау шараларын қолдану үшін Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне берілген.

"Уәкілетті органға жолданған сұрау салу нәтижелері бойынша ҰҰА әкелудің рұқсат беру тәртібіне жататын арнайы тауарларға жататыны расталды.

Осыған байланысты материалдар сотқа жолданып, сот жүк иесін ҚР ӘҚБтК-ге сәйкес кінәлі деп танып, әкімшілік айыппұл салды.

Барлық көзделген рәсім аяқталғаннан кейін жүк жөнелтілетін елге кері әкету міндеттемесімен иесіне қайтарылды.

2025 жылғы 15 қыркүйекте аталған тауар Ресей Федерациясына шығарылып, бұл туралы қолданыстағы екіжақты тәртіпке сәйкес іргелес тарап тиісті түрде хабардар етілді.

Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада көзделген экспорттық бақылау рәсімдерін толық көлемде іске асырды", - деп түсіндірді комитет өкілдері.

Мемлекеттік кірістер комитеті ресейлік БАҚ-та жарияланған ұшқышсыз ұшу аппараттарына қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.