jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Тоқаев: Докторантураға бөлінетін грант санын көбейту қажет

Түлектер
Түлектер. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйлеген президент еліміздің атом ғылымындағы өзекті мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші кезекте осы саланың кадрлық әлеуетін арттыру қажет екенін жеткізді.

"Елімізде білікті инженерлер, техникалық мамандар тапшы. Бұл – шын мәнінде, өте өзекті мәселе. Атом саласындағы жағдай да дәл осындай. Ахуалды жедел түзеу керек. Бүгінде жоғары оқу орындарын бітіріп жатқан түлектердің 90 пайызы – бакалаврлар. Ал ғылым докторларының үлесі 1 пайызға да жетпейді. Сондықтан докторантураға бөлінетін грант санын көбейту қажет.

Әсіресе, техникалық мамандықтарға басымдық берген абзал. Менің тапсырмам бойынша "Болашақ" стипендиясының 70 пайызға жуығы техникалық-инженерлік мамандық иелеріне беріле бастады.

Былтыр жасанды интеллект саласына жыл сайын 50-ден астам стипендия бөлу туралы шешім қабылдадық. Келесі жылдан бастап атом мамандарын дайындау үшін жылына 20 квота беріледі. Мұны технократ ұлт болу жолындағы маңызды қадам деуге болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетелік, бүгінгі кеңесте мемлекет басшысы атом саласын зерттейтін ғылыми қалашықтар құруға ерекше назар аудару қажет екенін мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, Абай облысында АЭС салу перспективасын ескере отырып, Курчатовтағы ғылыми қалашықтың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу қажет.

Тоқаев: Докторантураға бөлінетін грант санын көбейту қажет

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.