jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Еліміздегі мектептерде жаңа оқулықтардың апробациясы басталады

Сабақ оқып отырған бала
Сабақ оқып отырған бала. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

29 қыркүйектен бастап еліміздің 34 пилоттық мектебінде 2026-2027 оқу жылына арналған жаңа оқулықтардың апробациясы басталады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, апробацияны Оқу-ағарту министрлігінің Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырады.

Апробация 4-сыныпқа арналған – "Қазақ тілі", "Орыс тілі" (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), "Математика" (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін), "Дүниетану", "Әдебиеттік оқу" және 7-10 сыныптарға арналған "Дүниежүзі тарихы", "Алгебра", "Қазақ тілі", "Химия", "Биология", "Физика", "География", "Құқық негіздері", "Шетел тілдері" (ағылшын, неміс, француз тілдері) оқулықтарын қамтиды.

"Апробация жаңа оқу бағдарламасы негізінде әзірленген жекелеген пәндер бойынша оқулықтардың күшті және әлсіз тұстарын айқындауға, сондай-ақ мектептер үшін оңтайлы оқу материалын іріктеуге бағытталған. Ол оқулықтарды кең көлемде енгізбей тұрып, оқушыларға арналған ең сапалы және тиімді оқулықтарды айқындауға мүмкіндік береді", - дейді Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Назира Абдрахманова.

Апробацияға тек педагогтер ғана емес, оқушылар да қатысады. Бұл оқулықтардың функционалдығы мен тиімділігі жан-жақты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, орталық бес сатылы сараптама жұмысын жүргізеді: ғылыми-педагогикалық сараптама, пысықтау кезеңі, пилоттық мектептерде апробация, қоғамдық талқылау және пәндік сараптамалық комиссияның қорытындысы.

Сондай-ақ сарапшы болуға өтінім бергісі келетін педагогтер bmso.kz ресми сайтында сауалнамадан өте алады.

Еліміздегі мектептерде жаңа оқулықтардың апробациясы басталады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.