Тұман, көктайғақ, -12 градусқа дейін суық: қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады
Опубликовано:
Синоптиктер қазан айында ел аумағында күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік-батыс антициклонымен байланысты қыркүйек айының соңындағы суық ауа райы қазан айының басында да сақталады. Қазақстанның басым бөлігінде түнгі уақытта температуралық фон -1-6°С, күндіз +2+9°С аралығында болады.
Бірақ бірінші онкүндіктің екінші жартысында Орталық Азия мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен түнгі және күндізгі уақытта температураның жоғарылауы күтіледі:
- елдің батысында түнде +7+12°С-қа дейін күндіз +17+25°С-қа дейін;
- солтүстігінде, шығысында түнде +2+8°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-қа дейін;
- республиканың шығысында түнде +2+7°С-қа дейін, күндіз +15+23°С-қа дейін;
- оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +5+12°С-қа дейін, күндіз +20+28°С-қа дейін жылы болмақ.
Онкүндіктің соңында Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында ауа температурасының шамалы төмендеуі күтіледі. Елдің оңтүстік жартысы мен шығысына бұл суық толқын екінші онкүндіктің басында келеді.
Екінші онкүндікте республиканың басым бөлігінде қайтадан күн жылынып, ауа температурасы күндіз +13+18°С-қа дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +22+27°С-қа дейін жоғарылайды.
Үшінші онкүндікте ауа температурасы төмендеуі ықтимал. Түнде жекелеген күндерде ауа температурасының -1-6°С-қа дейін, Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде -7-12°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-қа дейін төмендеуі күтіледі. Елдің оңтүстік жартысында ауа температурасының түнде -1-6°С-тан +3+8°С-қа дейін, күндіз +5+13°С-тан +13+20°С-қа дейін ауытқуы болжанады.
Бұдан бөлек, қазан айында ел аумағында тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі, айдың екінші жартысында республиканың солтүстік жартысында жаяу бұрқасын болуы ықтимал.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2292408-tuman-koktaigaq-12-gradusqa-deiin-suyq-qazanda-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/