jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Алматыда нөсерден кейін 10 балдық көлік кептелісі тіркелді

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оңтүстік астана көшелеріндегі көлік кептелісі 10 балға жетті. Тұрғындардың айтуынша, қаланың қозғалыссыз қалуына нөсер жауын, жол жөндеу жұмыстары мен көптеген жол апаты себеп болып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы тұрғындары қала көшелеріндегі жағдайды әлеуметтік желіде белсенді түрде талқылауда. Almaty Today Telegram-каналы қазіргі уақытта оңтүстік астанада 10 балдық көлік кептелісі тіркелгенін хабарлады.

"Жолда абай болыңыздар", - делінген хабарламада.

2GIS қосымшасындағы Алматы картасы толығымен қызыл түске боялған. Кейбір көлік жүргізушілері жолдағы жағдайға байланысты пікір қалдырып жатыр.

"Қар жауса, жолда өмір сүретін шығармыз", "Жаңбыр жауып еді, жүргізушілер де көлік жүргізуді де ұмытып қалды", "Сұмдық, сөз жоқ", "Жылдан жылға жағдай нашарлауда", "Газдың қайда екенін ұмытып қалдыңдар ма", - деп жазуда көпшілік. Қала тұрғындарының көбісі кептеліс туралы жазғанда бейәдеп сөздерді қолдануда.

Алматыдағы көлік кептелісі
Алматыдағы көлік кептелісі: 2GIS.KZ

Картаға сүйенсек, Алматыда бірнеше жол апаты орын алған. Оған қоса жүргізушілер қолайсыз ауа райы мен жол жөндеу жұмыстарына шағымданып отыр.

Алматыда нөсерден кейін 10 балдық көлік кептелісі тіркелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.