ШҚО-да күн райының бұзылуына орай көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Опубликовано:
Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде ауа райының күрт бұзылуына орай қысқы дөңгелектермен жабдықталған көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Министрліктің хабарлауынша, ауа райының нашарлауына байланысты "Өскемен – Тарғын – Самарское" бағытындағы облыстық маңызы бар автожолда қыстық дөңгелекпен жабдықталмаған көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді.
Төтенше жағдайдар министрлігі жүргізушілерден бағытты жоспарлау кезінде сақтық шараларын сақтауды сұрайды", - делінген ресми хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2296380-shqo-da-kun-raiynyng-buzyluyna-orai-kolik-qozgalysyna-shekteu-engizildi/